Облыс орталығындағы Крепостная көшесі бойындағы 144-ші үйден өрт шықты.
Төтенше жағдай туралы ақпарат өрт сөндіру бөліміне түскі 12:29-да келіп түскен. Құтқарушылар апат орнына 5 минуттың ішінде келіп жетіп, жалынды 15 минутта ауыздықтады. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жедел құтқарушысы Руслан Құдайбергеновтің айтуынша, оқиға орнына 15 адам мен 4 техника жіберілген. «Жалын 110 шаршы метр аумаққа жайылды. Мамандар жеткенше, от үйдің шатырына ауысқан еді. Тез әрекет етіп, өртті санаулы минутта ауыздықтадық. Оның шығу себебі үйдегі электр сымдарының тұйықталуы. Ешкім зардап шеккен жоқ. Материалдық шығын есептеліп жатыр», деді құтқарушы.
mtrk.kz
Сурет http://www.perm.aif.ru сайтынан алынды.