«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТТІҢ САЛДАРЫНАН ЕКІ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде үй өртеніп, екі адам қаза тапты. 

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде өрт сөндіру қызметінің “101” нөміріне Ломоносов көшесі, 1 мекенжайдағы төрт пәтерлі үйде өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімшесі келгенде баспана толығымен отқа оранып үлгерген екен. Он адам, соның ішінде екі бала қауіпсіз жерге шығарылды. Қызыл жалынға оранған үйден 46 және 42 жастағы екі ер адамның денесі табылды. 
Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда нақты себебі және келген шығын мөлшері анықталып жатыр.
Жалпы, жыл басынан облыста 77 өрт тіркеліп, 11 адам мерт болған. Оның екеуі – бала.
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp