«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ЕШКІМДІ АЯМАЙДЫ

Аққайың ауданына жұмыс сапарымен барған облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев Рублёвка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Жиында өрттің алдын алу мәселесі сөз болды. Талдау көрсеткендей, үстіміздегі жылы ауданда орын алған 17 өрттің 12-сі тұрғын үй секторына тиесілі. Оқыс оқиға кезінде 2 адам қаза тапқан. Тұрғындар электр жабдықтары мен жылыту жүйелерін орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған. Сол себепті, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өртсөндірушілері, учаскелік полицейлер және ауылдық округтер әкімдіктерінің қызметкерлері тілсіз жаудың алдын алу жұмысын ширата түскен. Олар 5263 ауланы аралап, 8190 адамға қауіпсіздік ережелерін түсіндірген. Осындай фактілерді тізбектей келе Нұрлан Бауыржанұлы ауыл тұрғындарын пешті пайдаланғанда сақ болуға шақырды.

Нұрлан НҮКІШЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp