«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылындағы “Әліби-Ишим” ЖШС-інде өрт сөндіру бекеті ашылды.

Бұл бекет Бірлік және Старобелка ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры М.Скорняковтың қолдауымен құрылған ерікті өртсөндірушілер құрылымы аудандық, облыстық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарды да еншілеп жүр.

Осы күнгі шараға облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі П.Филиппов қатысып, бекеттің ашылуы ауылдағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайтындығын атап айтып, серіктестік басшыларына ризашылығын білдірді.  

Осы қуанышты сәтті пайдалана отырып, “Әліби-Ишим” ЖШС-нің директоры М.Скорняков өткен жылы облыстық жарыста қола жүлдені қанжығаларына байлаған, биыл аудандық командалар додасында көшпелі кубокты жеңіп алған И.Ткаченко, И.Грибунов, П.Ивченко, В.Кривенкодан құралған өртсөндірушілер командасына белсенді қызметтері үшін алғыс айтып, ақшалай сыйлық табыс етті.

Шоқан ҚАЛИҚАЙДАРОВ,  

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің инженері, өртке қарсы қызметтің

аға лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp