«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ СӨНДІРУ ДЕСАНТЫ

Жақында Петропавл қаласындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі “Қайсар”, “Жеңіс”, “Импульс”, “Мұрагер”, “Ровесник” атты балалар мен жасөспірімдер клубының мүшелері арасында “Өрт сөндіру десанты” атты спорттық сайыс өткізді.

Құтқарушылардың күнделікті жұмыс кестесі бойынша қызметке кіріскен жас өрендер өздерін нағыз өртсөндіруші ретінде сезінетіндей барлық жұмысты атқарды. Дабыл қағылған бойда өртсөндірушінің киімін, газқағарлар киіп, жасанды түтінге толы дәлізден өтті. Жарақат алған адамды қауіпсіз жерге алып шықты.

Сынақ оңай болған жоқ. Балалар телефон арқылы өрт сөндіру командасын шақыру байқауында біраз қателіктер жіберді. Дүрбелеңде нөмірді қате теріп немесе өрт шыққан мекенжайды дұрыс айтпай, тиесілі ұпайларын жоғалтып жатты. Төрешілер жас өртсөндірушілердің еңбегін жоғары бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша “Цунами” командасы үздік атанды.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі

департаменттің мемлекеттік тіл

және ақпарат тобының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp