«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өрт туралы өлең жазып, сурет салды

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өрт қауіпсіздігі бойынша

оқушылар арасында ұйымдастырған шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды. Көркемсурет және өлең түрінде 158 жұмыс келіп түсті.

Байқау шарты бойынша жас көрсеткішіне қарай үш топ құрылып, үмірткерлерге “Өрттен қылай қорғануға болады?”, “Адам отты бағындырады ма?”, “Менің қауіпсіздігім – менің қолымда”, “От – дос, от – жау” атты тақырыптар ұсынылды.

Балалар өртсөндірушілердің қызметі туралы, бақылаусыз жанған оттың қаупі мен өрт шықпау үшін қандай ережелерді сақтау керектігі жайлы қылқаламның көмегімен үлкен еңбек жасаған. Жеткіншектер отпен ойнау кесапат тудыратынын, сөндірілмеген темекі тұқылы мен шырпы үлкен қайғы-қасірет әкелетінін ұғындыруға тырысқан.

Қазылар алқасына шығармаларды іріктеп, жеңімпаздарды жария ету оңай болған жоқ. Дегенмен, үш топ бойынша 9 адамды жеңімпаз таныды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері әр жеңімпазды білім алып жатқан шаңырағына барып, арнайы марапаттайды.

Серік ШӘРІПОВ,

азаматтық қорғаныс майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp