«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН СЕНБІЛІК

Петропавл қаласында өрт қауіпсіздігіне арналған сенбілік өтті. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімі алаңында департамент бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаев қызметкерлерді сапқа тұрғызып, нұсқаулықтар берді.

 Осы іс-шара аясында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, қалалық басқарманың, өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және еріктілермен бірлесіп, 954 жеке меншік тұрғын үйді аралады. 1000-нан астам тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелері үйретілді.
Қаланың Сенная база, Жұмысшы кенті, Былғары зауыты, “Береке”, Ойқала, Заречный кенті шағын аудандары тұрғындары арасында өртке қарсы тақырыптағы жаднамалар таратылып, өрт қауіпсіздігін сақтау талаптары түсіндірілді.
Өрт қауіпсіздігіне арналған осындай сенбіліктер жылыту маусымы аяқталғанша өткізілетін болады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp