«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте 2014 жылдың қорытындысына және Жаңа жылды қарсы алу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Департаменттің өрт қауіпсіздігі саласын бақылау және алдын алу жұмысы басқармасының бастығы Нұрлан Атығаев үстіміздегі жылдың өрт жағдайын сипаттап, аумақтық органдардың атқарған негізгі жұмыстарына тоқталды. Нұрлан Бауыржанұлының айтуына қарағанда, 2014 жылы департамент нысандардың өртке қарсы жағдайына 476 тексеріс жүргізді, оның 344-і – жоспарлы, 132-сі – жоспардан тыс. Тексерістер бойынша 257 нысанда өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері бұзылмайтындығы анықталды, 488 тұлғаға 5 млн. 410 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды.  

“Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет подполковнигі Серік Дүйсембеков БАҚ өкілдерінің назарын өрт сөндіру бөлімшелерінің адамдарды құтқару және ТЖ жою бойынша атқарған жұмыстарға аударды. Мысалы, өрттерде жеке құрам 51 адамды құтқарып, 1057 адамды қауіпсіз жерге көшірді, 600 млн. теңгеден астам материалдық құндылықтар аман қалды. Сонымен қатар, 174 авариялық-құтқару шаралары, 140 оқу-жаттығу жұмыстары, офицерлік құрам жасақтармен 689 сабақ өткізді.

Төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің, “Суда құтқару қызметі” ММ-нің басшылары жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды алға тартты.

Баспасөз мәслихаты кезінде департамент өкілдері тілшілердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, азаматтардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауына байланысты қолданылатын жауапкершілік шараларына тоқталды.

Жазира ҚОЖАХМЕТОВА,

СҚО ТЖД-нің өрт қауіпсіздігі саласында

 бақылау және алдын алу әрекеті басқармасының бас маманы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp