Жуырда Уәлиханов ауданындағы Тілеусай ауылының оңтүстік бағытындағы Ресей Федерациясы шекарасына 3 шақырым жердегі шабындық отқа оранды.
Оқиға орнына негізгі құрам жеткенше “Босағаш” шекара бекетінің қызметкерлері тілсіз жаудың таралу аумағын шектеді. Кейін №19 өрт сөндіру және аудандық төтенше жағдай бөлімдерінің қызметкерлерінен, “Омаров” ЖК-нің ерікті өртке қарсы құрылымының жұмысшыларынан құралған 19 адам мен 3 автотехника тілсіз жауды алты сағаттың ішінде ауыздықтап, оның одан әрі таралуына жол бермеді. Ойран салған өрттің салдарынан 45 гектар алқаптың құрғақ шөбі жойылды.
Руслан СӘДУАҚАСОВ,
Уәлиханов ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызмет капитаны.