«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨСКЕМЕН ӨҢІРІНДЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Өскеменде Үлбі металлургиялық зауытының жұмысшыларымен, жастар белсенділерімен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Делегация құрамында – республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, “Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, “Ақ жол” Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, “Бірлік” партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Қазақстандық мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова, “КТК” телеарнасы меншікті хабар тарату директоры Артур Платонов, ҚР кен-металлургия өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Төлеген Ибраев, Нұртай Сәбильянов, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және басқалары бар.

“Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз істері баршаның көз алдында. Оның қажырлы еңбегінің жемістері Отанымыздың барлық инновациялық өнімдерінің бестен бір бөлігін шығаратын Шығыс Қазақстанда да баршылық. Бұл – тағдырдың сыйы емес, Елбасының зор еңбегінің нәтижесі. Шығысқазақстандықтар Мемлекет басшысын қолдауда ең жоғары нәтиже көрсететініне сенімдіміз”, – деп атап көрсетті кездесуде республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Өз кезегінде зауыт қызметкерлері Н.Ә. Назарбаевқа қолдау көрсететіндерін білдірді.

Сапар кезінде қоғамдық штаб мүшелері “Үлбі” Мәдениет үйінде, Оқушылар шығармашылық сарайында, металлургтер Мәдениет үйінде болып, халықты әлеуметтік қорғау мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен, студент жастармен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті.

Іс-шараларға Өскеменнің мыңдаған тұрғындары қатысты. Өскемендіктердің айтуынша, Елбасының басшылық етуімен Тәуелсіздіктің 23 жылында Қазақстан Республикасының берік іргетасы қаланды.

Республикалық қоғамдық штабтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 20 қоғамдық штаб құрылып, 3 мыңнан астам сенімді өкіл және жастар белсенділері іске кірісті.

* * *

1 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Семей қаласында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерімен, өңірге танымал құрметті адамдармен, ақсақалдармен, әскерилермен, сондай-ақ, цемент зауытының қызметкерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті.

Абай атындағы кітапханадағы кездесу кезінде Семей тұрғындарының Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше ілтипатпен қарайтыны атап өтілді. Өйткені, ол Семей полигонындағы ядролық сынақтарға тоқтау салды.

Семей тұрғындары шығыс өңірді қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдырғаны үшін, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары, озық кәсіпорындар құрылып, заманауи тұрғын үй кешендері мен сапалы жолдар салынып жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа шын жүректен алғыстарын жеткізді.

2014 жылдың өзінде ғана өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 8 пайызға жуық артты, Елбасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 бірдей жоба іске асырылды, соның арқасында 600 жұмыс орны құрылды. Барлығы өткен жылы Семейде 6500 адам жұмыспен қамтылды.

Жергілікті кәсіпкерлер РҚШ мүшелеріне “Нұрлы Жол” президенттік бағдарламасының ауқымына әсерленгенін айтты, оның арқасында бүкіл елде жол және әлеуметтік инфрақұрылым сапалы жаңаратын болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp