Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.
Онда еліміздің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқылануда. Жиында ел экономикасының өсімі 4 пайыздан асқаны атап көрсетілді. Бұл дүниежүзілік орташа өсімнен жоғары екен. Жалпы барлық салаларда жақсы қарқын байқалады.
«Инфляцияның өткен жылғы көрсеткіші 5,3 пайызды құрады. Солай деп жоспарлаған едік. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17 пайыздан асты. Бұл да жақсы көрсеткіш деп айтуға болады. Аталған экономикикалық көрсеткіштердің барлығы халық тұрмысын жақсарып, нақты табысының артуына өзінің үлесін тигізеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
https://www.inform.kz/kz/el-ekonomikasynyn-osimi-4-payyzdan-asty-kr-prezidenti_a3493106