«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – банк) ТҚЖ салымдары бойынша өтемақы төлеу рәсімін бастайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында банк және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мемлекеттік салалық органдармен бірлесе отырып, еркін құбылмалы айырбас бағамы режіміне өтуге байланысты 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңында банктегі тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу тетігін әзірледі.
Өтемақы төлемі бюджет қаражаты және банктің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Өтемақы төлеу, сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарын (бұдан әрі – ТҚЖ шарты) рәсімдеу және қызмет көрсету рәсімін жеңілдету мақсатында, банк салымшыларға ТҚЖ шартының Жалпы талаптарына қосылу жолымен қызмет көрсетуге көшеді.
Өтемақы төлеу ТҚЖ шартының қосымша келісімін жасаған күні ақша қаражатының қалдығы болған жағдайда, еркін құбылмалы айырбас бағамы режіміне өтуге байланысты тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
ТҚЖ шартының Қосымша келісімдерін жасау 2016 жылғы 8 ақпаннан бастап 2016 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде (қосымша келісім жасаудың/өтініштер қабылдаудың соңғы күні 2016 жылғы 31 мамыр) салымшының электронды сандық қолтаңба арқылы қол қоюы жолымен
электронды үкіметтің www.egov.kz интернет порталында;
банктің интернет-ресурсында www.hcsbk. kz. жүргізіледі.
Үкімет қаражат бөлу туралы шешім қабылдаған және банктің жылдық қаржылық есептілікті бекіткен сәттен бастап күшіне енетін барлық қажетті құжаттармен банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында таныса аласыздар.
Сұрақтар туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.