«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТКЕНДЕРГЕ – САЛАУАТ, ҰРПАҚТАРҒА – ҰЛАҒАТ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын Жамбыл ауданындағы Амангелді ауылының да азаматтары және осы жерде кіндік қаны тамған сырттағы ағайындар бас қосып, есте қаларлықтай, әсіресе, жас ұрпаққа ұлағат боларлықтай атап өтті.

Ауыл тумасы, ардагер ұстаз, бүгінде Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында тұратын Қарақат Шалабаев амангелділік майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерін паш еткен баяндама жасаса, мектеп директоры Ғосман Кәрішалов бастаған ұстаздар мен оқушылар ән-би тарту етті.

Салтанат барысында қазақ күресінен белдесулер өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталса, білекті жігіттер арқан тартып, бәске түсті.

Ауыл молдасы Марат Қажымұратов пен ақсақал Серік Қазиев майданда мерт болғандарға арнап дұға оқыса, Қызылжарда тұратын сексен жасар ағамыз Сейітахмет Нәбиұлы жастарға ақжолтай тілек айтып, бата берді.

Ағайынды ұйыстырған үлкен жиынды түйіндей келгенде, амангелділік азаматтар қайда жүрсе де, жылына бір мәрте осылайша ауылда бас қосуды ұйғарды.

Жапар БӘРИҰЛЫ.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp