Өткен жылы облыста жалпы сыйымдылығы 279 мың тоннаны құрайтын жеті элеватор пайдалануға берілді.
Бүгінгі күні өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтайтын жалпы сыйымдылық 6,5 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде 3,7 млн. тонна астық – 59 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорнында, 2,8 млн. тонна астық агроқұрылымдардың өздерінде сақталады.
2014 жылы гектар шығымдылығы 16,1 центнер болып, 5,1 млн. тонна дәнді дақылдар жиналды. Өткен жылы егістіктің жалпы көлемі 4346,8 мың гектарды құрады. Дәнді және дәндібұршақты дақылдардың аумағы 3274,2 мың гектар болды, майлы дақылдар – 597 мың гектар (2013 жылмен салыстырғанда 136%), жемазықтық дақылдар – 443,2 мың гектар (2013 жылмен салыстырғанда 138%), картоп – 27,2 мың гектар және көкөніс – 5,2 мың гектар.
Биыл солтүстікқазақстандық агроқұрылымдар 4350 мың гектар алқапқа егін егуді жоспарлап отыр.
Ауыл шаруашылығы басқармасы.