2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысында тірі салмақта 91,9 мың тонна ет өндірілді, бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,9%-ға көп.
Барлығы 901,7 тонна қара мал еті экспортқа шығарылды.
Өңірде өткен жылы 473,3 мың тонна сүт (2013 жылмен салыстырғанда 103,2%) сауылды, 543 млн. тауық жұмыртқасы (2013 жылмен салыстырғанда 111,5%) алынды.
2014 жылы қара мал саны 281,9 мың басты құрады, қой мен ешкі – 336,2 мың бас, жылқы – 93,5 мың бас, шошқа – 147,7 мың бас, құс – 3863,5 мың бас.
“Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту” жобасын жүзеге асыру аясында өткен жылы облыста 22 569 бас ірі қара сатып алынды, оның ішінде “Сыбаға” бағдарламасы бойынша – 3 439 бас (104,1%). “Құлан” бағдарламасы бойынша 879 бас жылқы (146%), “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 5 105 бас қой (102,1%) сатып алынды, “Ырыс” бағдарламасы аясында 233 басқа арналған 3 ферма құрылды. Бұдан басқа, ангус, герефорд және симменталь тұқымды 1,7 мың малды импорттау арқылы 10 асылтұқымды репродуктор шаруашылық құрылды.
Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндіріс көлемін ұлғайтуға, асылтұқымды мал базасын дамытуға, мал құнарлылығының генетикалық деңгейін көтеруге арналған жұмысты жалғастыру жоспарлануда. Өндіріс көлемін арттыруға шетелдік селекциядағы асылтұқымды малдарды импорттау және соның базасында 1,7 мың бас ірі қарадан асылтұқымды репродуктор шаруашылық ұйымдастыру, 2,8 мың басқа мал бордақылау алаңын құру, “Алтын асық” бағдарламасы бойынша 5 мың бас қой, “Құлан” бағдарламасы бойынша 1 мың бас жылқы сатып алу есебінен қол жеткізу көзделуде.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.