
Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында өңір спортшылары жылды қорытындылады. Бұл шарада үстіміздегі жылдың ең үздік спортшылары, бапкерлері, аталған саланы дамытуға үлес қосқан басқа да мамандар марапатталды.
Облыстағы спорт мамандарының басын біріктірген мерекелік басқосуда алдымен доңыз жылында атқарылған шаралар мен қол жеткізген жетістіктер қамтылған шағын бейнефильм көрсетілді.
Шараның ашылу барысында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан орынбасары Руслан Әлішев жиналғандарды құттықтап, сәттілік тіледі. Үстіміздегі жыл қызылжарлық спортшылар үшін жемісті болғаны сөзсіз. Өңір спортшылары әлем және Азия біріншіліктерінде үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Нұрқожа Қайпанов, Маргарита Мұқашева, Михаил Литвин, Алексей Луценко, Артем Захаров, Махаббат Үмітжанова, Назгүл Маратова және тағы басқа жерлестеріміз халықаралық және республикалық сайыстарда жасындай жарқылдады. Бүгінгі таңда спорт нысандарында материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Желтоқсан айында Ақжар ауданының орталығында спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. 2020 жылы дәл осындай нысан Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында бой көтереді. Алдағы 2-3 жылда өңірде алты спорт кешенінің құрылысын жүргізілмек.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқисыздар.