«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өткен күндер белгісі

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, суретші Анатолий Бургаевтың шығармашылығында туған өңір тақырыбында жазылған картиналар басым.

Автордың көптеген еңбектерінде Петропавл қаласының көрікті көшелері, Есіл өңірінің табиғаты, республикаға танылған жергілікті мәдениет, өнер қайраткерлері бейнеленген. Қылқалам иесі қиялын сан қырынан ұтымды пайдалану нәтижесінде көрерменді сан ойға жетелей түседі. Мәселен, туған қаламыздың көшелері бейнеленген суреттерге қызыға қарайтындар көп. Анатолий Бургаевтың талай рет көрмеге қойылған “Келмеске кеткен архитектура” атты мына картинасы да облыстық бейнелеу өнері мұражайына келушілердің назарынан тыс қалған емес. Автор бұл картинаны 1968-70 жылдары салған. Темпера үлгісіндегі еңбекте облыс орталығындағы қазіргі Қазақстан Конституциясы көшесінің бойы бейнеленсе керек. Картинадағы өткен күннен белгі беретін қызыл кірпішті биік мұнара бүгінгі күнге дейін бұзылмаған күйінде тұр.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp