22 қыркүйекте коронавирустық инфекциядан 3 611 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 36 бала бар.
Стационарларда 1 897 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек: өткен тәулікте 20 жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 30 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 31 168, өлім жағдайлары – 345, барлығы 26 739 адам сауығып шықты.
https://egemen.kz