«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНДЕ — ЖҰМЫРТҚАДАЙ ТАС

Петропавлда 58 жастағы әйелге ота жасалып, оның өтінен көлемі тауық жұмыртқасындай тас алынды.

Петропавлдағы көпбейінді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына сырқат қатты ауырып келген. Ол ішінің жоғарғы бөлігі мазалап, жүрегі айнитынын, аузына ащы дәм келетінін айтқан және жалпы әлсіздікке шағымданған.

Дәрігерлер тексеру барысында оның өтінде тастың барын анықтады. Тастардың бірінің көлемі тауық жұмыртқасындай болған. Шұғыл операция жасау туралы шешім қабылданып, ота бір жарым сағатқа созылды. Өт қабынан бірнеше тас алынып, дерттің асқыну қаупі жойылды. Қазір науқас үйінде, жағдайы тәуір.

Дәрігерлердің айтуынша, оң жақ қабырғаның асты ауырса, аузыңызға ащы дәм келсе, әсіресе тамақтан кейін жүрек айныса міндетті түрде дәрігерге көрінген жөн.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp