«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨТІНІШТЕРІ ОРЫНДАЛЫП, КӨҢІЛДЕРІ ӨСТІ

Кеше “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қоғамдық қабылдауына 8 азамат келіп, өтініштерін жеткізді. Солардың бірі – ел намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген конькиші Дмитрий Бабенко. Олимпиадалық ойындарға алыс шетелде дайындалуға қаржылай көмек сұрай келген спортшының меселін қайтармаған өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов қажетті қаражаттың табылатындығын жеткізді.

Қызылжар ауданында қара мал өсіріп отырған кәсіпкерлер Талғат Жәнібеков пен Альфат Хабибулин жайылымның тапшылығын сезінуде. Олардың көтерген мәселелерін заңды тұрғыдан шешу жан-жақты қарастырылатын болды. Ал Петропавл қаласының Рига тұйық көшесінде тұратын зейнеткер Клавдия Гришинаның үйін жыраның кесірінен жыл сайын су басады екен. Осы орайда Ерік Сұлтанов зейнеткердің үйін су баспайтындай етіп жыраны жөндеу, не болмаса басқа баспана беру қажет деген ойын айтып, бұл мәселені шешуді қала әкімінің орынбасары Қайролла Ғалиевке тапсырды. Ал Жамбыл ауданының Ұзынкөл ауылында шағын наубайхана ашпақ болған Валентина Токаева электр желісін тарту үшін тиісті құжаттарды әзірлеуге қаржысының жоқ екендігін жеткізді. Өз кәсібін ашуға талпынып отырған ауыл тұрғынын қолдау үшін облыс әкімі қажетті қаражатты тауып беретіндігін айтты. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Зейнолла Мәкеновке айтылған өтінішке байланысты барлық мәселелердің шешілуін бақылауда ұстауды тапсырды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp