«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өтініш-тілектер ескерусіз қалмайды

    

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин «Antikor.live» тікелей эфирінде “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамысының орындалу барысы туралы баяндап берді.

Спикердің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің барлық аумақтық департаменттерінде “Antikor ortalygy” сервистік орталықтары жұмыс істейді. Бірінші жартыжылдықта тұрғындар тарапынан оған 230 арыз-шағым түсіп, түрлі тақырыптар қозғалған.
“Өтініштер тұрақты бақылауға алынған. Олардың басым бөлігі, атап айтқанда, 52-сі – жергілікті атқарушы органдар, 16-сы – ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, 13-і құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 12-сі – білім беру, 7-уі – денсаулық сақтау, 4-уі – жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау салаларына тиесілі. Әрбір үшінші өтініш полиция және түзету мекемелері қызметкерлеріне қатысты келіп түскен”, – деді Нұрлан Жахин.
    Адамдар, бірінші кезекте, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, түрлі қылмыстық істер бойынша жүгініп жатады. «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен құрылған «Қоғамдық бақылау картасына» 18 өтініш түскен. Талдау көрсеткендей, әлеуметтік мәселелер саласында шешімін күткен мәселелер аз емес. Ауызша және жазбаша арыз-шағымдар мемлекеттік органдар мен жауапты орындарға жолданған. Бірде-бірі ескерусіз қалмайтыны тікелей эфирде баса атап көрсетілді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp