
Ресейлiк инвесторларға «Qyzyljar» экономикалық аймағы таныстырылды.
Қазақстан-Ресей XVI өңiраралық форумында Солтүстік Қазақстан облысы ресейлiк инвесторларға жобалар ұсынды. Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов бизнесмендермен кездестi. Жаңадан құрылған арнайы экономикалық аймақ өзара бiрлесiп жұмыс жасау алаңына айналмақ. Онда ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу және синтетикалық материалдарды шығару жоспарланған.
Форум аясында Уәлиханов ауданы арқылы Омбы облысына темiржолды қайта қалпына келтiру мәселесi талқыланды.
«Темiржолды салу арқылы тасымалдау көлемiн ұлғайтамыз. Ресейлiк тарап арзан материал алады, бiз инвестиция тартамыз. Зауыттар салынып, облыста жаңа жұмыс орындары ашылады», — дедi Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.