«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде баласын түнгі уақытта көшеге жіберген 780 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 780 ата-ана өз баласын түнгі уақытта көшеге жібергені, сондай-а және көңіл көтеру орындарының 7 иесі жасөспірімдерді кіргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан өңірде жасөспірімдер қылмысының 9 дерегі тіркелді. 325 адам өз баласына тиісті түрде тәрбие бермегені үшін жазаланды. Тәртіптері ерекше бақылауды қажет ететін 160 отбасы есепке қойылды. 15 адам ата-ана құқығынан айырылды.

Жалпы, жыл басынан СҚО-ның ювеналдық полицейлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 280-нен астам рейдтік іс-шара өткізді. Балалардың өміріне ата-анадан бөлек жауапты саналатын білім бөлімі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Өйткені балалардың түнгі уақытта көше кезіп, түрлі ойын-сауық орындарына баруы тыйылмай отыр.

Рейдтердің нәтижесінде баласы түнгі уақытта көше кезген 780 ата-ана және жасөспірімдерді кіргізген көңіл көтеру орындарының 7 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp