Солтүстік Қазақстан облысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «Қазпошта» АҚ филиалдарына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ СҚОФ директоры болып Жәнібек Қамбаров тағайындалды.
Жәнібек Қамбаров 1982 жылы туған. Көкшетау қаласының экономика және менеджмент институтын, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін қаржы-заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Бүгінгі күнге дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары болып еңбек етті.
«Қазпошта» АҚ төрағасының бұйрығымен Нұркен Рүстем СҚО филиалының директоры болып тағайындалды. 1988 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы қазақ гуманитарлық заң университетін, Алматы экономика және статистика академиясын заңгер, экономика және бизнес мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Осы тағайындауға дейін «Казпошта» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиал директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
https://www.inform.kz/