«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде 250 адамға 4 млн теңгеден несие беріледі

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 2 сүт фермасы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында өңірдің әкімі Құмар Ақсақалов осындай мәлімет айтты.

«Биыл 3,9 млрд теңгеге 12 жоба іске асырылмақ. Қаржының 75 пайызы әлеуметтік нысандар салуға және 25 пайызы инженерлік инфрақұрылымға жұмсалады. 1 млрд теңге кредит беру үшін 250 адамның тізімі жасалды. «Атамекен» және «Қызылжар» микрокредиттік ұйымдары құрылды. Несиенің орташа мөлшері – 4 млн теңге. Қарызға алынған қаржының 80 пайызы ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларды қолдауға, 20 пайызы қызмет көрсету саласын дамыту жұмсалады. 520 жаңа жұмыс орны құрылады», – деген облыс әкімі тағы 1,1 млрд теңгеге екі сүт фермасын салуды көздеп отырғандарын жеткізді.

Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов бизнеске қолдау көрсету үшін 720 млн теңге жұмсалатынын, соның арқасында өңірде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, бюджетке 600 млн теңге салық түсіруді жоспарлап отырғандарын айтты.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp