Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петропавл қаласындағы теміржол автоматикасы, телемеханика, байланыс, қауіпсіздік жүйесі құрылғыларын және мұнай-газ кешені кәсіпорындарына арналған құрал-жабдықтар шығаруға маманданған зауытты аралап көрді.
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуы, индустриялық жобалардың іске асырылуы және Жолдау аясындағы тапсырмалардың орындалуы туралы есебін тыңдады.
Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімінің баяндамасынан кейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының форумына әзірлік аясында аймақты дамыту бағдарламасының тиімді іске асырылып жатқанын атап өтті.
– Петропавл қаласын көркейту мақсатымен көп жұмыс атқарылды. Облыстың экономикалық көрсеткіштері қалыпты. Өсім қарқыны республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары, – деді Елбасы.
Қысқа мерзімде өңір экономикасының барлық саласында тұрақты өсім байқалды. Мәселен, құрылыс жұмыстары – 1,4, инвестициялар – 7,8, ауыл шаруашылығы – 2,1, өнеркәсіп – 1,8, тұрғын үй салу 5, 5 пайызға артқан. Үстіміздегі жылдың сегіз айы ішінде ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі 60,8 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы облыстың аграрлық әлеуетіне тоқталып, бұл өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамыту қажеттігін айтты.
– Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісі көңіл көншітерліктей емес. Мен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі есе көтеру жөнінде міндет қойдым. Бұл сіздердің облыстарыңызға тікелей қатысты. Қайта өңдеу мен экспортты ілгерілету арқылы ғана өнімділікті арттыруға болады. Сіздер үшін жаңа тұтыну нарықтары ашылды, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы тұрғын үй және инфрақұрылым нысандарын салу, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жұмыстарының нәтижелеріне де тоқталды. Атап айтқанда, 2018 жылы өңірдің 6 мыңнан астам тұрғыны баспанамен қамтамасыз етіліп, 150 мыңнан астам жұмысшының жалақысы көтеріледі, сондай-ақ, өңірлік маңызы бар жолдар жөндеуден өткізіледі.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев өңір жұртшылығымен кездесті. Облыс тұрғындары әлеуметтік салаға қатысты бағдарламалар қабылдап, халыққа ұдайы қамқорлық көрсетіп келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс білдірді.
“Akorda”.Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петропавл қаласындағы теміржол автоматикасы, телемеханика, байланыс, қауіпсіздік жүйесі құрылғыларын және мұнай-газ кешені кәсіпорындарына арналған құрал-жабдықтар шығаруға маманданған зауытты аралап көрді.

“Akorda”.