«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІРІМІЗДЕ АПАТТЫ МЕКТЕП ЖОҚ

Мамлюткада 300 орындық жаңа мектеп салтанатты жағдайда ашылды. Шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

Өңір басшысы мамлюттіктерді құттықтай келіп, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында білім беру саласының дамуы басым бағыт болып отырғанын атап көрсетті.

“Өздеріңіздің әлеуеттеріңізді таныту үшін сіздер ұстаздарыңыз бен тәлімгерлеріңіздің баға жетпес тағылымы мен білімді бойларыңызға дарытыңыздар.

Сіздердің білімді де лайықты азаматтар, мектеп қабырғасынан Отанымыздың нағыз патриоттары болып қанаттанып шығатындарыңызға сенімдімін”, – деді Ерік Хамзаұлы оқушыларға.

Облыс әкімінің атынан мектеп директорына “ГАЗель” көлігінің кілті тарту етілді.

Өңір басшысы мектеп ғимаратын аралаған кезде кабинеттерді, спорт және акт залдарын, кітапхананы байқап көрді, материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысты. Мектепте шеберхана, жаңа үлгідегі 10 кабинет, соның ішінде химия, физика, биология, информатика және лингафонды-мультимедиалық кабинеттері бар. Орта буындағы оқушылар информатика кабинетінде облыс әкімі мен мектеп меймандарына интерактивті тақтамен жұмыс істеу машығын көрсетті.

Ерік Сұлтанов оқушылардың жақсы баға алып, мектепте қызықты жағдайларға кенелуіне тілек білдірді.

Жаңа мектепке 228 оқушы келді. Оқу орнының директоры Ғалихан Бүйрекбаев атап көрсеткендей, Жұмысшы шағынауданында мектеп жасындағы 400-дей бала тұрады. Таяу уақытта мұнда білім алуға тағы да 50-ге тарта оқушы келмек. Құрылыс жүріп жатқан кезде олардың бәрі басқа мектептерге барды.

Мамлюткадағы мектеп ашылғаннан кейін өңірімізде апатты оқу орындарының проблемасы түбегейлі шешілді. Үш ауысыммен оқуды жою үшін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимка ауылында және Тайынша ауданының Тайынша қаласында екі мектептің құрылысы басталды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp