«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

Кеше өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс активіне өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Владимир Бубенко тағайындалды.

Ерік Сұлтанов Владимир Бубенко еңбек жолын Калинин атындағы совхоздың аға диспетчері болып бастағанын айтты. Әр жылдары Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев атындағы аудандарда әкімнің орынбасары және әкім болып қызмет еткен ол осы уақытқа дейін Мамлют ауданы әкімі қызметін атқарып келген.

Өңір басшысының айтуынша, Владимир Бубенко жаңа қызметінде құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру мәселелері, жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, отын-энергетикалық кешен, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, телекоммуникациялар мәселелері бойынша құзыретті басқармалардың қызметіне бақылау жасап, тиісті аумақтық органдардың жұмысын үйлестіретін болады.

Ерік Хамзаұлы жаңа орынбасарына елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, қолжетімді тұрғын үйлердің уақтылы және сапалы салынуы мәселелеріне, жолдардың сапасына, коммуналдық шаруашылыққа және бюджет қаражатының тиімді игерілуіне жіті көңіл бөлу сияқты маңызды міндеттерді жүктеді.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp