«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨҢІР БАСШЫСЫ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы әрқилы заңбұзушылықтардың жолын кесу үшін облыс орталығының базарларында бейнекамералар орнатуды қолға алған еді. Петропавлдың ең ірі базарларының бірі – “Алтын Арманның” басшылығы 16 бейнекамера орнатып, бұл бастаманы жүзеге асырды. Алдағы уақытта тағы да 24 бейнекамера орнатылады.

Өткен дүйсенбі күні полиция бөлімшелерінде болған облыс әкімі Ерік Сұлтанов қылмыспен бірлесе күресудегі осы бастамаға оң баға берді.

Облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов бөлімшенің тиімді жұмыс істеуі үшін компьютерлер берілгенін айтты. Олар Ішкі істер министрлігінің автоматтандырылған деректер базасына қосыла алады.

Базар аумағында орнатылған сыртқы бақылаудың 16 камерасы “Онлайн” режімінде жұмыс істеп, азаматтардың барлық өтініштеріне шұғыл жауап бере алады. Байланысты қамтамасыз ету үшін шұғыл жағдайдағы өзгерістерді хабарлай алатын стационарлық радиостанция жұмыс істеп, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне және ІІД жедел басқару орталығына ақпарат түсіреді.

Жыл басынан бері шұғыл-іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері ұрлыққа қатысты 34 қылмыстың бетін ашып, 239 заңбұзушылықты анықтады.

Сол күні облыс әкімі “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының стадионындағы хоккей алаңында болды.

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов, сондай-ақ, полиция қызметінің бір топ ардагерлерімен кездесті.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp