
Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Коронавирус індетіне байланысты бұл жолы онлайн өткен салтанатты шара барысында өңіріміздің белгілі спортшылары, жаттықтырушылары мен сала ардагерлері марапатталды.
Солтүстікқазақстандық спортшыларға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың құттықтауын жеткізген оның орынбасары Ғани Нығыметов Қызылжар өңірінде дене шынықтыру мен спортты дамытуға көңіл бөлініп, тұрғындар арасында саламатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
– Соңғы жылдары елімізде спорт саласын жан-жақты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде бұқаралық спортпен шұғылданатын солтүстікқазақстандықтардың қатары 176 мыңға жетті. Булаев және Кішкенекөл ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Шал ақын, Тайынша, Аққайың, Жамбыл, Айыртау және Есіл аудандарының орталығында заманауи кешендердің құрылысы жүргізілуде. Петропавл қаласы мен аудандардағы спорттық нысандарды жөндеу жұмыстарына 3 млрд. теңге бағытталды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда алты есеге көп, – деді Ғани Сақтағанұлы.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.