2016 жылғы қаңтардағы дерек бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 1 пайызға, ал ауыл шаруашылығы 0,6 пайызға ұлғайды.
2016 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияны қаржыландырудың (90,5 пайыз) басым көзі болып табылды, оның көлемі 5,9 млрд. теңгені құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы (38,4 пайыз), өнеркәсіп (25 пайыз), көлік және қоймалау (20,1 пайыз), білім беру (5,8 пайыз) негізгі капиталға салынған инвестицияны игеру бойынша басым салалар болып табылады.
2016 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 12,6 млрд. теңгені құрады. Союға өткізілген мал мен құстың барлық түрлері – тірідей салмақта 9,8 мың тонна (2015 жылғы қаңтардағыға қарағанда 100,5 пайыз), 16,3 мың тонна сиыр сүті сауылды (104,3 пайыз), 34,9 млн. дана тауық жұмыртқасы (92,5 пайыз) алынды.
Биыл қаңтарда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді, үй шаруашылықтары секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағада 11,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 54,3 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 6,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
2016 жылғы қаңтарда сарымай – 4,8 пайызға, ұн – 9,9 пайызға, кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер және тәтті тоқаштар 9,4 пайызға артық өндірілді.
Металлургия өнеркәсібі өнімдерін өндіру – 40,4 есе, химиялық өнеркәсіп 11,9 есе ұлғайды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 25,3 пайызға, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда өндіріс көлемі 20,6 пайызға өсті.
Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарының өз күшімен 622,7 миллион теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды.
Биыл қаңтарда 35 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 28 тұрғын және 7 тұрғын емес үйлер бар. 8,7 млрд. теңге сомасындағы негізгі құрал-жабдықтар іске қосылды, оның 47,2 пайызы – өнеркәсіпке, 28,9 пайызы – ауыл, орман және балық шаруашылығына, 10,9 пайызы – көлік және қоймалауға, 4,4 пайызы – білім беруге, 2,5 пайызы көтерме және бөлшек саудасына, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуге тиесілі.
2016 жылғы қаңтарда жаңа құрылыс есебінен қазандық, жалпытауарлық көтерме сауда қоймасы, монша, мейрамхана, жалпы білім беретін мектеп, автокөліктерге арналған гараж, ірі қара төлін өсіретін және бордақылайтын мал шаруашылығы кешені, бақылау-өткізу бекеті, талшықты-оптикалық байланыс желілері, антенналық-діңгек ғимараттар, сумен жабдықтауға арналған жергілікті құбырлар, жергілікті жылу желілері пайдалануға берілді.
Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар салған жалпы алаңы 4717 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылғы қаңтардағымен салыстырғанда 181 пайызды құрайды. Салынған тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа құны 38,4 мың теңгені құрады (2015 жылғы қаңтарда – 51,5 мың теңге).
2016 жылғы қаңтардағы бөлшек сауда көлемі 10,6 млрд. теңгені құрады. Жеке кәсіпкерлер үлесіне бөлшек сауда көлемінің 63,6 пайызы тиеді. Көтерме сауда көлемі 12,7 млрд. теңгені құрады.
Облыстық статистика департаменті.