«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1 ТӘУЛІКТЕ 3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БОРЫШ ТӨЛЕНДІ

Облыс аумағында 18 ақпаннан бастап “Борышкер” жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде. Осы операция аясында полиция қызметкерлері мен сот орындаушылары бірлесе қимылдап, борышкерлерді және айыппұл төлемеушілерді олардың тұрғылықты жерлері бойынша да, сол сияқты облыс жолдарында да анықтауда. Шараға барлығы 400 әкімшілік полициясы басқармасының қызметкері мен 30 сот орындаушысы тартылған.

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Едіресовтің айтуынша, жедел-алдын алу шарасының бірінші күні ғана тәртіп сақшылары айыппұл төлеушілері болып табылатын 683 құқық бұзушының тұрғылықты жерлері бойынша тексеріс жүргізді.

Жол полициясы қызметкерлері автомобиль нөмірлерін автоматты режімде анықтайтын және ІІД-нің борышкерлер деректері базасы бойынша танитын “Жол приставы” жүйесінің көмегімен төленбеген айыппұлдары бар 85 жүргізушіні тоқтатты.

Шара барысында 414 борышкер өздерінің айыппұлдарын бірден төледі. Олар барлығы сомасы 3 миллион теңгеге жуық төлем жасағандары туралы түбіртектерін тапсырды. Бірнеше айыппұлы төленбеген автомобиль иелерінің көліктері айып тұрағына қойылды. “Борышкер” жедел-алдын алу шарасы кеше аяқталды.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp