Құрметті солтүстікқазақстандықтар, соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер – даңқты аға ұрпақ!
Халықаралық қарттар күні құтты болсын!
Аға буын – еңбексүйгіштіктің және теңдесі жоқ табандылықтың бейнесі болып табылатын адамдар. Біздің рухани және материалдық құндылықтарымыз Сіздердің еңбектеріңізбен жасалды, қалалар салынып, өнеркәсіп дамып, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері жетілдірілді. Десе де, басты мұра – Сіздердің көл-көсір даналықтарыңыз бен баға жетпес өмірлік тәжірибелеріңіз.
Аға ұрпаққа қамқорлық Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатының маңызды бағыты болып қалып отыр. Елімізде қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асырылуда.
Сіздердің өмірлеріңіз – жанкештілік пен адамгершіліктің, Отанға риясыз қызметтің үлгісі. Сіздер моральдық құндылықтар мен дәстүрлердің сақтаушысы, балаларыңыз бен немерелеріңіздің тірегі болдыңыздар, болып табыласыздар, әлі де бола бермексіздер.
Өмірді сүйе алатындарыңыз үшін, оптимизмдеріңіз және ел болашағына сенімдеріңіз үшін Сіздерге деген алғысымыз ерекше. Бұл қасиеттеріңізді ең қиын жылдары да жоғалтпай, бізге де өмірдің кез келген қиыншылығын еңсеруге деген сенім ұялата білдіңіздер.
Енді Сіздерді жан жылуымен және қамқорлықпен аялау, лайықты өмірмен қамтамасыз ету және ертеңгі күнге деген сенімге бөлеу – біздің ортақ парызымыз.
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бой және рух қуатын, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен ықыласын, амандық пен ұзақ ғұмыр тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.