«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

10 елді мекенде шектеу шаралары күшейтілді

Солтүстік Қазақстан облысында тағы 10 елді мекенде карантин талаптары күшейтілді.

Бұған дейін 9 қазан күні Булаев және Мамлютка қалалары карантинге жабылған еді. 12 қазан күні олардың қатарына Ақжар ауданының Казанское, Ленинградское елді мекендері қосылды. 14 қазан күні Шал ақын ауданының Повозочное, ал 16 қазан күні Тайынша ауданының Киров және Чермошнянка елді мекендерінде коронавирустың таралуына байланысты карантин күшейтілді.
Сонымен қатар Есіл ауданының Явленка, Покровка және Чириковка ауылдарында 17 қазаннан бері тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді.
“Аталған елді мекендердің кейбіріне санитарлық бекеттер қойылды. Мұндай бекеттерді қою-қоймауды жергілікті штаб пен полиция шешеді. Аудандардың бас санитариялық дәрігерлерінің қаулысы бойынша белгілі бір нысандар жұмыс істейді”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, облыста бүгінге дейін 4309 адам коронавирус жұқтырды, 4024 науқас жазылып шықты, 25-і қайтыс болды.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp