«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

105 ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ

 

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин “бармақ басты, көз қыстылықтың” алдын алу бойынша атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Соңғы жылдары өңіріміз сыбайлас жемқорлық фактілері аз орын алған облыс ретінде аталып жүр. Десек те, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты тамырымен жою мүмкін болмай отыр. Үстіміздегі жылы осындай 105 қылмыс тіркеліпті. 

– Өндірісте болған 211 қылмыстық істің 142-сі сотқа жіберілді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілеріне жол берілген жоқ. Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген шығын 616,4 млн. теңгені құрады, оның 608,7 млн. теңгесі өтелді. Мүлікке салынған тыйым 58,8 млн. теңгені құрады, – деді Ернар Банғазин. Биыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары жедел және тергеу іс-шаралары барысында облыс, қалалық және аудандық маңыздағы мемлекеттік органдардың тоғыз басшысын әшкереледі. 27 адам сотты болса, оның үшеуі бас бостандығынан айырылды. Біреуінің бас бостандығы шектеліп, 23-іне айыппұл тағылды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp