«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

112 НАУҚАС ТІРКЕЛДІ

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 112 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 50 науқастың ауру белгілері бар, 62-сінің ауру белгілері жоқ.

  Жаңа жағдайлардың 41-і – Петропавл қаласында, 20-сы – Қызылжар ауданында, 9-ы – М. Жұмабаев ауданында, 6-уы – Уәлиханов ауданында, 5-уі – Тимирязев ауданында, 1-уі – Шал ақын ауданында, 2-уі – Мамлют ауданында, 10-ы – Жамбыл ауданында, 11-і – Аққайың ауданында, 2-уі – Айыртау ауданында, 5-еуі Тайынша ауданында тіркелді.
 ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 99 азаматтан, алдын алу мақсатында 2 азаматтан және эпидемиологиялық қадағалау мақсатында 11 азаматтан алынды.
 Облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы облыс бойынша коронавирустық инфекцияға 160831 зерттеу жүргізілді. Оның 5836-сы, немесе 3,6 пайызы оң нәтиже көрсетті. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 1396 зерттеу жүргізілді.
Облыста коронавирустық инфекцияның 5836 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 3638-інің ауру белгілері бар, 2198-інің және ауру белгілері жоқ.

 

Сурет: https://informburo.kz/
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp