Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қалалық сотының үкімімен тұрақты жұмыс орны жоқ Наталья Солоха Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы бірнеше мәрте ірі және аса ірі көлемде алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды.
Наталья Солоха 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айрылып, оның жеке басына тиісті мүліктері тәркіленетін болды. Жазасын жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін алаяқтың жәбірленушілерінің талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды. Наталья Солоха 1999 жылдың қазан айынан 2014 жылдың желтоқсан айына дейін жәбірленушілерден қарызға және пайыздық сыйақы төлеймін деген желеумен жалпы сомасы 114 150 980 теңге алған. 14 рет ірі көлемде, алты рет аса ірі көлемде алаяқтық жасаған.
(Өз тілшіміз).