«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

168 АДАМ БЕЙСАУАТ ЖҮРГЕН

Екі апта ішінде қоғамдық орындарда бейсауат жүрген 168 адам төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қабылданып жатқан шаралар мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан, заңбұзушылықтар тыйылар емес. Әсіресе кешкісін, дүкендер, дәріханалар мен басқа да ұйымдар жабылған кезде құқық бұзушылықтар жиі кездеседі. Бұл уақытта негізінен такси және жеткізіп беру қызметінің жүргізушілері, жұмыста кідіргендер жүреді. Полицейлер кешкі сағат 10-да тоқтатқан көлік жүргізушісінің құжаттары дұрыс болғанымен, жолаушыларының ешқайсысында жеке басын куәландыратын құжат, қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат беретін қандай да бір анықтама жоқ болып шықты. Екі жігіт түнде қонақтан келе жатқаны белгілі болды. Олар аймақтық полиция қосынына жеткізіліп, төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылды.
Екі апта ішінде төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін Солтүстік Қазақстан облысында 168 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 93-іне айыппұл салынды, 13-і қамауға алынды, ал қалған материалдар сотта қаралуда.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp