«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

18 ЖЫЛДАН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында тұратын ерлі-зайыпты 18 жыл бұрын жоғалған баласын «FaceApp» нейро желісінің көмегімен тауып алды.

2001 жылдың мамыр айында үш жасар Ю.Вейфен әкесі жұмыс істейтін құрылыс кешеніне жақын жерде ойнап жүрген. Бір кезде ол ұшты-күйлі жоғалып кетіп, ата-анасы дереу полицияға жүгініпті. Өкінішке қарай, бейнебақылау камералары арқылы баланың қайда кеткенін де анықтау мүмкін болмаған. Алайда, тергеушілер оның ұрланғанын анықтаған. Содан бері ерлі-зайыпты перзентін іздеуді доғармапты. Олар баласының суретін қаланың түкпір-түкпіріне іліп, оны тапқан адамға үлкен сыйақы тағайындауға уәде береді.
Жуырда полиция қызметкерлері аталмыш бағдарламаның көмегіне жүгінген. Нәтижесінде нейро желі баланың қазіргі кездегі келбетінің қандай болатынын көрсетіп, ғаламтордан 21 жастағы жігіттің суретін тапқан.

Бағдарлама Ю.Вейфенді Гуанчжоудағы университеттердің бірінің студенті етіп шығарды. Содан кейін полиция жігітпен кездесіп, ДНК-тесті арқылы тексеріп, оның ерлі-зайыптының баласы екенін анықтады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары адам ұрлау дерегі  бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда. Сондықтан, Ю.Вейфеннің осы күнге дейін қайда болғаны жарияланған жоқ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp