«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

19 ЖЫЛДЫҚ ҰЙҚЫДАН ОЯНДЫ

Польша елінің азаматы Ян Грзебски теміржол бекетінде екі вагонды жалғап жатқан жерінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылады. Ол миына зақым келгендіктен, есінен айрылады. Дәрігерлер оның айығып тұратынына күмәнмен қарайды. Себебі, темір-жолшы ауыр жарақаттардан басқа, бас миының обырына шалдыққан екен. Мамандар мұндай науқас әрі кетсе үш жыл өмір сүреді деген болжам айтқан болатын. Бірақ Янның туыстары, жақындары, жора-жолдастары оның қатарға қосылатындығына кәміл сенеді.

Олардың сенімі ақталады. Ян Грзебски 2007 жылы қалың ұйқыдан оянады. Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында: “Мені барлығынан бұрын адамдардың ұялы телефонмен жүретіндіктері және әр нәрсеге бола қыңқылдай беретіндіктері таңғалдырады. Өз басым ештеңені уайымдамаймын”, – деген екен. Олай дейтін жөні бар. Себебі, есінен айрылғанда Янның жасы 46-да болса, оянғанда 65-ке толған екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp