22 қаңтар – Петропавл әуежайына халықаралық мәртебе берілді.
22 ақпан – 4 наурыз аралығында Тәуелсіз елімізде тұңғыш рет ұлттық халық санағы жүргізілді.
8 сәуір – Мемлекет басшысының Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының Еңбекшілдер, Зеренді, Щучинск аудандары және Көкшетау қаласы Ақмола облысының құрамына қосылды.
20 мамыр – облыс орталығының 19 шағынауданында Вознесения шіркеуінің құрылысы басталды.
7 маусым – Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы жарияланды.
22 маусым – Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры ғимаратының алаңында Қарасай мен Ағынтай батырлардың құрметіне орай қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына Елбасы қатысты.
30 маусым – Петропавл қаласындағы кеңестік және революция көсемдерінің атымен аталған 11 көшенің атауы өзгертілді.
Маусым – өңірімізде А.С. Пушкиннің 200 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді. Облыс орталығында ақынға ескерткіш орнатылды.
13 тамыз – “Сертификаттау туралы”, “Стандарттау туралы”, “Демпингке қарсы шаралар туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары жарияланды және Мемлекет басшысының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Жарлығы шықты.
9-10 қыркүйек – өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті астықтың сапасына жоғары баға берді. Елбасы КСРО бойынша қатты сортты бидайдың 80 пайызы осы өңірде өндірілгенін атап өтті.
28 қыркүйек – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді.
10 қазан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.
13 қазан – Мемлекет басшысының Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Қ.Ы. Нағыманов тағайындалды.
15 қазан – Айыртау ауданының Мәдениет ауылында Қарасай мен Ағынтай батырларға арналған мемориалды кешен ашылды.
Қараша – облыс диқандары 4,2 миллион тонна астық жинады.
7 желтоқсан – “Дене шынықтыру және спорт туралы” Қазақстан Республикасының Заңы жарияланды.
15 желтоқсан – Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді.
Облыстық мұрағат материалдары
негізінде дайындалды.