Австриялық Джеймс Харрисонның қан құрамы алтыннан да бағалы. Дәрігерлер оның қан тобын сирек кездесетіндерге жатқызады. Өзінің ерекше құдіретпен жаратылғанын білген Д.Харрисон өмірінде мың мәрте қан тапсырған.
Сексенді алқымдап қалған қарияның қан құрамының ерекшелігі сонда – дүниеге күрделі қаназдық дертімен келген шақалақтарға ем екен. Харрисонның донорлығының арқасында 2 миллионға жуық сәби ажалдан арашаланған.