
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және Білім күні қарсаңында облыстық ІІД қызметкерлері қайырымдылық акциясын өткізіп, Петропавл қаласындағы мұқтаж отбасылардың балаларына мектеп құралжабдықтарын сыйға тартты.
– Акция облыстық ІІД әйелдер кеңесінің бастамасымен өтті. Аталмыш шара басталмас бұрын ведомствоның әкімшілік ғимаратының фойесіне арнайы жәшік қойылды. Оған полиция қызметкерлері балаларға қажетті заттарды, ойыншықтарды, мектеп құралдарын салды, – деді облыстық ІІД штабының бастығы, полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.
Сондай-ақ Петропавл қаласы ІІБ-ның кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары жаңа оқу жылы қарсаңында тіркеуде тұрған отбасыларда болып, оқушылармен әңгіме-кеңестер өткізді. Сөйтіп, ІІБ-ның полицейлері бір күнде 20 отбасының балаларына жәрдемдесті.