«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

20 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСПАЗДАР КҮНІ

20 қазан барша әлем аспаздары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Осы күнге орай облысымыздағы рестораторлар мен отельерлер қауымдастығы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжімен бірлесіп салтанатты шара ұйымдастырды. 

Оған облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек қатысып, мереке иелерін құттықтады. Ол өңірімізде аспаз кәсібіне деген қызығушылық жылдан жылға артып, қоғамдық тамақтану қызмет көрсету саласында жетекші орынға ие болғанын атап өтті. Дәурен Жандарбекұлы тағам саласының дамуына үлесін қосқан еңбек ардагерлеріне, Петропавл қаласының дәмханалары мен мейрамханаларының бас аспаздарына облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Шара барысында қаламыздың үздік аспаздары әзірлеген тағамдардың көрмесі өтті.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp