Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 16 шілде күні жүргізген жедел-іздестіру шарасы кезінде түнгі уақытта шағынаудандардың бірінде кезекті пара, тиісті 500 мың теңгенің бір бөлігі – 200 мыңды делдал арқылы алып жатқан жерінде Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысын ұстады. Ол көлік құралын салықтан және оның өсімінен алып тастау үшін ақша талап еткен.
Сол түні күдікті Петропавл қаласының ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
17 шілдеде прокурор күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Қазір тергеу амалдары жүргізілу үстінде.
(Өз тілшіміз).