«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАДЫ

Қазақстанда 2020 жылы 200 теңгелік монета айналымға шығады. Ұлттық Банктің маңызды міндеттерінің бірі – қолма-қол айналымда жүрген ақшаның сапасын қамтамасыз ету. 

Бұл банкнотты эстетикалық тұрғыдан қабылдау, оның санитарлық қауіпсіздігі және қорғалу мәселесі. «Төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Жоғары номиналдағы банкноттар мен монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі – 10-15 жыл», – деді қолма-қол ақша айналысы департаментінің басшысы Жомарт Қажмұратов. Қолма-қол ақша айналымын тиімді ұйымдастыру және төмен номиналдардың қолданылу мерзімін ұлғайту мақсатында, Ұлттық Банк номиналы 200 теңгелік монетаны шығару туралы шешім қабылдады. «Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады», – деді Ұлттық Банктің өкілі. Номиналы 200 теңгелік монеталарды енгізудің жоспарланып отырған көлемі айналыстағы монеталардың жалпы сомасының 26%-ын құрайды.

www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp