«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ фестивалі өтті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық мәдениет басқармасы және халық шығармашылығы мен мәдени қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өңіріміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер арасында “Мейірімділік пен түсінушілікке жол ашық” атты фестиваль өтті. Мұндай шара осымен 14-ші мәрте ұйымдастырылды.
Шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың басы бір жерде тоғысып, олардың бір-бірінің өнерлерін тамашалауға жағдай жасалды.
Өнерлерімен тамсандырғандардың бірі облыс, республика көлемінде танылған, халықаралық конкурстарға қатысып лайықты бағасын алып жүрген Петропавл қаласындағы саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың “Пульс” ансамблі болды.
Ақжар ауданынан келген Серік Мамилиннің орындауындағы “Гүлімсің” әні көрермендер қошеметіне бөленді. Сондай өнерпаздың тағы бірі Мағжан Жұмабаев ауданынан келіп, қазақтың “Қара жорғасын” билеген Оралбай Алғыбаев болды.
Айыртау ауданындағы психоневрологиялық интернат-үйінің тәрбиеленушілері Василий Скворцов пен Вадим Плосков та облыстық фестивальдың тұрақты қатысушылары болса, уәлихановтық Махаббат Қапарованың үлкен сахнада ән айтсам деген тілегі осы күні орындалыпты. Қарттар мен мүгедектерге арналған Смирново интернат-үйінің қамқорлығындағы Татьяна Кузнецова мен Людмила Клепикова ең ересек қатысушы болса, ең жасы – Антонина Олифер бар-жоғы жеті-ақ жаста екен.
Өнерпаз жандардың барлығына дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
  Суретті түсірген  Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp