«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

Қазіргі уақытта облыста 90 мыңнан астам зейнеткер, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушы 23,3 мың адам тұрады. Олардың 4144-і жалғыз тұрады, ал 1189-ы – жалғызбасты адам.
Қарттар мен мүгедектердің проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жылда әдеттегідей 1 қазан-1 қараша аралығында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Алда өткізілетін айлық – аға буынның қоғам алдында сіңірген еңбегіне ризашылық білдіріп, оларға қамқорлық жасаудың ерекше көрінісі. Осы кезеңде қарттар мен мүгедектердің көптеген әлеуметтік-тұрмыстық проблемалары шешіледі, ал бұл келе жатқан қыс маусымында аса маңызды.
Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі оған әзірлік және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарланған іс-шаралар зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдауға, оларға медициналық қызметті жақсартуға және мәдени шараларды ұйымдастыруға арналған.

 

Айлық аясында үстіміздегі жылдың 15 қыркүйегінде қайырымдылық сенбілігі өтті, оған 150 мың адам қатысты. Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жиналған қаржының жартысы өз зейнеткерлеріне құрмет көрсету үшін кәсіпорындарда қалады, ал қалғаны өңірлік ардагерлік кеңестерінің есепшоттарына аударылады. Барлық қаражат зейнеткерлер мен мүгедектерге көмек көрсетуге жұмсалатын болады.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес зейнеткерлер мен мүгедектер ақшалай, қысқа отынмен, жемшөппен және басқа көмекпен қамтамасыз етіледі.
Қарттар күні облыстың еңбек ұжымдарында зейнеткерлердің қатысуымен кездесулер, мерекелік концерттер ұйымдастырылады.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат-үйлерінде тұратын 1,7 мың адам да назардан тыс қалмайды. Оларға Қарттар күні және Мүгедектер күні көркемөнерпаздар үйірмелерінің қатысуымен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады, жерлестері, облыс аудандары мен Петропавл қаласының халықты әлеуметтік қорғау мекемелерінің өкілдері барып, құрмет көрсетеді.
Қарт адамдарды құттықтауға дәстүр бойынша мектеп оқушылары және студенттер тартылатын болады. Бұл ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал жасайды.
100 жастан асқан қарияларды құрметтеу қарастырылған, қазіргі кезде облыста 23 қария тұрады. 50, 55, 60 және одан да көп жыл (мерейтой иелері) бірге тұратын ерлі-зайыптылар да құрметке ие болады. Олардың барлығының үйлеріне барып, естелік сыйлықтар беріледі және материалдық көмек көрсетіледі.
Тұтастай алғанда, облыс бойынша қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі айлыққа әзірлік жаппай өріс алып келеді. Осы іс-шаралар аясында баршамыз көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсете отырып, қол ұшын созамыз деген үміттеміз.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp