«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘНІ мен БИІ ҚЫЗЫҚТЫРҒАН мектеп-интернаттағы тіл мерекесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

Анна КУЧЕРЕНКО,
зейнеткер.

Облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернатта тіл мерекесі күні үлкен мерекелік концерт өтті. Оны Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ұйымдастырды. Мерекелік концерттің шымылдығын күмбірлеген домбыраға қосыла шырқалған қазақ әнінің әуеніне сай орындалған “Жұлдыз” биі ашты. Одан кейін ұлттық мәдени орталықтардың оқушы өнерпаз балалары өз өнерлерін ортаға салды.
Мысалы, татар-башқұрт және шешен-ингуш орталықтарының өнерпаз жастары ұлттық киімде татар және шешен билерін нақышына келтіре орындаса, орыс қауымдастығы атынан өнер көрсеткен қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған жас өрендердің ұлттық “Звонница” казак хоры “Близко к Дону”, “Моя Родина” және “Не дуй, не бушуй” әндерімен тыңдармандар көңілінен шықты. Бір сөзбен айтқанда, “Звонница” хорының өнерпаздары әдемі де ашық дауыстарына қоса, жарасымды ұлттық киімдерімен де жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.
Тіл мерекесін өзек еткен бұл концертте қазақ, орыс және украин әндері алма-кезек шырқалып отырды. Мерекелік думанды қазақ-түрік лицейінің оқушылары қазақтың ұлттық ән-билерімен аяқтады. Мектеп-интернат оқушыларына осындай есте қаларлықтай кеш сыйлағандары үшін оқу орнының директоры Ризабек Кәкпенов облыстық ассамблеяның ұлттық-мәдени орталықтары өнерпаздарына алғысын білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp