«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

№1 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ республикалық сайысқа қатысып қайтты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

Төтенше жағдайлар министрлігінде түрлі ұлттар өкілдерінің арасында “Мемлекеттік тіл – менің тілім” және ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білетін ТЖМ қызметкерлері арасында “Тілдарын” сайыстары өтті. Оларға өңірлік сайыстардың 33 жеңімпазы қатысты.
Сайысқа қатысушылар күні бойы екі залда қатар өз білімдерін көрсетті. Ең алдымен “Тілдарын” сайысына қатысушылар үш тілде бейнетаспалар көрсетіп, өздері туралы айтып берді. Сайыстың екінші деңгейінде мемлекеттік тілден орыс және ағылшын тілдеріне ілеспе аудару ұсынылды. Үшінші деңгейде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыстың ерекшелігі орындау тілін жеребе салу арқылы таңдау болды. Жарысқа қатысушылар өз нөмірлерін таңдалған тілде көрсетті. Соңғы деңгейде жазбаша тапсырма болды: қызметтік тақырыпқа 10 терминді мемлекеттік тілден орыс және ағылшын тілдеріне аудару.
Көрермендер әр қатысушыны жылы қарсы алып, олардың сөз саптауын білікті қазылар алқасы бағалады. “Тілдарын” республикалық сайысына СҚО ТЖД “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің атынан №1 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Әлия Шауыпкелова қатысты.
– Мен бірінші орын алмағаныммен, өзімнің ағылшын тілін жетік білетіндігіммен және сайыстарға белсене қатысуыммен қазылар алқасының құрметіне бөлендім. Өмірде тек бір тілді ғана жетік білу аздық ететіндігін осы сайыс барысында түсіндім. Алдағы уақытта мемлекеттік тілдегі білімімді де ұштай түсуім қажет деген қорытындыға келіп отырмын,– дейді сайыстан мол әсермен оралған Әлия.
Сайысты қорытындылай келе, төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайылов министрлікте мемлекеттік тілді одан әрі қарай дамыту бойынша келелі міндеттер қойып, жарысқа қатысушыларды Алғыс хаттармен, дипломдармен және төтенше жағдай энциклопедияларымен марапаттады.

СҚО ТЖД “ӨС және АҚЖҚ” ММ-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp